Павлодар облыстық спорт және туризмді дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев «Қайрат» клубының жергілікті жас футболшыларды алып кететінін айтты.

– Былтыр 2005 жылы туған балалар командасы Қазақстан чемпионы атанған соң «Қайрат» көшбасшы бес ойыншыны алып кетті. Олар ата-анасын көндіріп, Алматыға шақыртқан. Біз кәмелеттік жасқа толмаған балалардың таңдауына қарсы келе алмаймыз, - деді Марат Айдашев Ratel.kz сайтына берген сұхбатында.