WTA және АТP қауымдастықтарынан кейін Халықаралық теннис федерациясы іле-шала коронавирустың таралу қаупіне байланысты барлық турнирдің 13 шілдеге дейін тоқтатылатыны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

8 маусымда басталуы тиіс болатын Федерация кубогының төрт аймақтық іріктеу турнирлері кейінге қалды. Жарыстар Боливия, Литва, Малайзия және Панамада өтуі керек еді. Турнирлер қауіп бұлты сейілгеннен кейін өткізіледі.

«Тенниспен айналысатындардың, сондай-ақ көпшіліктің денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау біздің басты міндетіміз болып қала бермек. Біз бұл шешімдердің бүкіл спортқа айтарлықтай әсер ететінін мойындаймыз және оларды жеңіл қабылдамаймыз, алайда біз сарапшылардың пікірлері мен дәлелдемелерін басшылыққа алуымыз керек. Біз алдымызда тұрған міндеттерді шешуге белсенді және жауапкершілікпен қарауға дайынбыз », - дейді ITF президенті Дэвид Хаггерти.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) және Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (APR) барлық турнирдің тоқтатылуын 13 шілдеге дейін ұзарту туралы бірлескен шешім қабылдады.