«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду өз мәнсабында әлемдегі миллиард доллар табыс тапқан үшінші спортшы атанып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімнің басында америкалық гольфші Тайгер Вудс тұр. Екінші орынға кіші Флойд Мейуэзер жайғасқан.

35 жастағы португалиялық бұл көрсеткішке биыл, тіпті коронавирус індетіне байланысты «Ювентустегі» жалақысының қысқарғанына қарамастан, жетіп отыр.