UFC президенті Дэйна Уайт жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектің өтпейтіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Yahoo Sports портлына сілтеме жасап.
«Хабибтің төбелеспейтінін бәрі бұрыннан-ақ білген», - деп жазды Уайт, Нурмагомедовтың коронавирустық пандемияға байланысты жекпе-жектен бас тартқанын естіп.
UFC 249 турнирінің басты шайқасы мен өтетін орны туралы сұрағанда, Дана Уайт: «Мен турнирдің егжей-тегжейін баспасөзде талқылап жатқан жоқпын» деп қаша жауап берді.
Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов бір күн бұрын өзінің Instagram-да Тони Фергюсонмен жекпе-жегінің жойылатыны туралы жариялаған болатын. Бұл кездесу осымен бесінші рет өткізілмейді.
С
Комментарии