Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) мен кәсіби теннисшілердің қауымдастығы (ATP) коронавирустың таралуына байланысты 13 шілдеге дейін турнир өткізбейтіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін, пандемияға байланысты үзіліс 7 маусымда аяқталады деп жоспарланған болатын.

Бүгін, 1 сәуір Уимблдон турнирінің өтпейтіні хабарланды. Сондай-ақ, Мальорка мен Штутгартта өтуі тиіс турнирлер де күшінен қалды. Ал 13 шілдеден кейін жоспарланған турнирлер кесте бойынша өтеді деп жоспарланып отыр.