Tribuna.com басылымы «Қайрат» клубы қырғыз футболшысы Гүлжігіт Алықұлов үшін қанша қаржы төлегенін жариялады.

Алматылық клуб жас футболшыны қатарына қосу үшін Беларусьтің «Неман» командасы 250 мың еуро төлеген екен.

Бұған дейін «Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Колесниченконы қаншаға сатып алғаны белгілі болған еді. Немістің беделді Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенсек, «Қайрат» 20 жастағы футболшы үшін «Чертаново» клубына 250 мың еуро төлеген.