УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасының финалы көрерменсіз өтуі мүмкін. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады.

Еуропаның бас футбол органы еурокубок матчтарын келесі маусым басталмай тұрып өткізуді жоспарлап отыр. Әдетте іріктеу кезеңі жаздың қақ ортасында басталады.

Коронавирус пандемиясына байланысты Чемпиондар және Еуропа лигасының финалы көрерменсіз өтуі мүмкін. Әзірге шешуші матчтардың кейінге шегерілгені белгілі.