«Марсель» футбол клубының бұрынғы президенті Пап Диуф 68 жасында коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пап Диуф коронавирустық инфекция белгілері болғандықтан өткен аптада ауруханаға жеткізілген. Сейсенбіде Дакардан Ниццаға жеткізілуі керек еді, бірақ денсаулығының нашарлауына байланысты бұл мүмкін болмады. Кейінірек сол жерде қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, Пап франциялық клубтың президенті қызметін 2005-2009 жылдар аралығында атқарды.