2020 жыл күллі әлем үшін, оның ішінде спорт сүйер қауымға өте ауыр соққы жасады. Коронавирус індеті барлық спорт іс-шараларын тоқтатып, тіпті, Олимпиада секілді ауқымды жарыстардың тағдырын өзгертті.

Індет асқынбай тұрып жарыстар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кейбірі көрерменсіз өткізді. Дегенмен әлемді жаулаған коронавирус спортты да айналып өтпесі анық еді. Футболдан Еуропа чемпионаттары енді қыза түскенде, Қазақстан Премьер-Лигасы жаңа маусымды бастап жатқан еді. Алайда ешқайсысы да «2020 обасының» алдында қауқарсыз болды. Тек әлі күнге дейін Беларусь чемпионаты ештеңеге қарамастан жалғасып жатыр.