Украиналық ауыр салмақтағы боксшы Александр Усик пен британдық Дерек Чисора арасындағы жекпе-жек белгісіз мерзімге кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлыбританияда бокс кештерін өткізуге тыйым салынады. Бұл шешім коронавирустық пандемияның тарап жатқанымен байланысты. Жекпе-жек 23 мамырда Лондонда өтуі керек еді.

Бокс кешінің қашан өтетіні жайлы айтылған жоқ.