Британиляқы боксшы Билли Джо Сондерс карантин кезінде әйелді қалай дұрыс ұру керек екені туралы айтқаны үшін уақытша лицензиясынан айырылды. Сондерс жаттығуы барысында бокс қабын ұру кезінде карантинде әйлеіңмен ұрысып қалсаң, оның қай жерінен ұрған дұрыс болатынын көрсеткен видео жариялаған болатын. Көпшіліктің наразылығына ұшыраған Сондерс видеоны өшіріп, кешірім сұрады. Ендігі кезекте Сондерстің бұл жағдай туралы ісі қаралғанша оның лицензиясы тоқтатылып тұрады.