Франция чемпионы ПСЖ клубы коронавирус пандемиясына байланысты жылдық бюджетінің үштен бір бөлігінен айырылуы мүмкін.

ПСЖ-ның шығыны 215 миллион еуроны құрамақ. Ал клубтың жылдық бюджеті - 638 млн еуро. L'Equipe басылымының мәліметінше, ПСЖ телетрансляция мен матчтардың билетін сатудан түсетін кірісінен айырылып отыр.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Еуропадағы барлық футбол чемпионаттары тоқтатылған болатын.