Қазақстандық қорғаушы, алматылық «Қайраттың» түлегі Тимур Рудосельский «Смолевичи» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Transfermarkt порталының хабарлауынша, отандасымыз беларусь клубымен жыл соңына дейін келісімшартқа отырған. 25 жастағы футболшы бұған дейін ҚПЛ-да «Оқжетпес» сапында өнер көрсеткен.

Қорғаушы мансабында «Қайрат», «Жетісу», «Оқжетпес», петах-тиквалық «Хапоэль» командаларында ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, футбол бойынша Беларуссия чемпионаты 19 наурызда басталды.

Айта кетейік, бұл турнир коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылмаған жалғыз турнир.