Ағылшын клубы жас талант Федерико Вальвердені өз қатарына қосуды армандайды, деп жазады Prosports.kz.

Mirror басылымының хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» 21 жастағы жартылай қорғаушыны сатып алуға мүдделі, бірақ мадридтік клуб өзінің ойыншысы үшін 500 миллион еуро сұрап отыр. Осылайша, «Реал Мадрид» Валвердені ешқашан басқа клубқа жібермейтінін үнсіз жария етіп отыр.

Осы маусымда «Реал Мадридтің» сапында Вальверде 22 матч өткізіп, 2 гол соқты.