Халықаралық спорттық ату федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты бірнеше құрлықтық жарысты кейінге қалдырды.

18-25 мамырда Чехияда жоспарланған квалификациялық Еуропа чемпионаты өтпейтін болды. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі болып саналатын.

Сонымен қатар, оқ атудан Францияның Шато қаласында 6-20 мамыр аралығында өтуі тиіс Еуропа чемпионаты мен Панамерика чемпионаттары да кейінге шегерілді.

Айта кетерлігі, жоспар бойынша бірінші Панамерика чемпионаты 8-17 мамыр күндері Перуде өтетін еді.