2016 жылы Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарында футбол матчтары өткен стадиондар пандемияға қарсы күрес кезінде қолданылады.

Футболдан әйелдер мен ерлер бәсекесінің финалы өткен Маракана стадионы COVID-19 індетіне шалдыққандар үшін уақытша аурухана есебінде қолданылмақ. 2016 жылы ойындар кезінде жаттығу орталығы болған Сан-Паулудағы Estádio do Pacaembu да медицина нысаны ретінде пйдаланылмақ. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Бразилияда COVID-19 вирусын 3477 адам жұқтырған.Сондай-ақ, 93 адам өлімі тіркелген.