Франция футбол федерациясының президенті Ноэль Ле Граэ чемпионат мамыр айында басталуы мүмкін екенін айтты.

- Маусымды жазға дейін аяқтау мүмкін емес. Оның үстіне матчтардың арасына 2-3 күн салып ойната алмаймыз. Егер маусымды мамыр айының соңында бастасақ шілденің 20-сында аяқтаймыз, - деді ол.

Айта кетейік, Франция чемионаты коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған болатын.