«Валенсия» футбол клубында 25 адам коронавирус жұқтырған. Marca басылымының хабарлауынша оның оны негізгі құрам ойыншылары. Қалған 15 адам клуб қызметкерлері. Осыған дейін ресми тек үш футболшы вирус жұқтырғаны туралы хабарланған болатын. Олар: Эсекьель Гарай, Эльяким Мангала және Хосе Луис Гайя. Қалған футболшылардың есімі әзірге белгісіз. Испания біріншілігі коронавирус пандемиясына байланысты 12 наурыздан бастап тоқтатылды.