«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Bugatti Centodieci автомобиліне тапсырыс берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалиялық 9,5 миллион еуроға көлік сатып алды, Bugatti Centodieci моделі 10 данамен шығарылады. Ал Роналду көлікке 2021 жылы ие болады.

Роналдудың гаражында қазірдің өзінде франциялық брендің екі түрлі автокөлігі - Veyron және Chiron бар.

Италия тілінен «110» деп аударылатын Centodieci 90-жылдардың басында шығарылған EB110 шектеулі суперкарына арналған. Көліктің максималды жылдамдығы - сағатына 380 шақырым.

2019 жылдың сәуірінде Роналду әлемдегі ең қымбат көлік саналатын Bugatti La Voiture Noire автомобилін сатып алды деп хабарланған еді. Португалиялық форвард бұл машинаға тек 2021 жылдың сәуірінде ғана ие бола алады.