Журналист Крис Мэнникстің айтуынша, «Юта Джаз» ойыншылары Руди Гобер мен Донован Митчелл коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.
12 наурызда Гобердің организмінде COBID-19 вирусының бар екені анықталды. Ол ауру жұқтырған алғашқы NBA ойыншысы атанды.
Аурудың «Детройт» «Бруклин», «Филадельфия», «Бостон» және «Лос-Анджелес». баскетболшыларында да табылғанын айта кету керек.
Фото: Getty Images.
Комментарии