Коронавирустық пандемиядан (COVID-19) туындаған дағдарыс каталониялық «Барселонаның» қаржылық жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бұл пікірді Германия Бундеслигасы командаларының бірінің топ-менеджері Еуропалық клубтар қауымдастығының (ECA) отырысында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер күтпеген жағдай бола қалса,« Барселона» банкротқа ұшырайтын алғашқы топ клуб болмақ», - дейді менеджер.

Бұл пікір каталониялықтардың жұмыс уақыты мен қызметкерлердің жалақысы қысқарғанын жариялағанға дейін пайда болған.

Айта кетелік, «Барселона» 58 ұпаймен Примерада көш бастап тұр. Каталониялықтар 27 матчта 18 рет жеңіске жетіп, 4 рет тең ойнаған және 5 мәрте жеңіліске ұшыраған.