Футзалдан «Қайрат» АФК және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита төртінші рет «Әлемнің ең үздік қақпашысы» номинациясын жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

Осы жеңісінен кейін оны «Реал Мадрид» пен Бразилия құрамасының қорғаушысы Марсело Виейра да Силва Джуниор құттықтады.

Игита инстаграм желісінде жеңіске жеткен сәтін бейнелеген жазба бөліскен. Марсело сол жазбаның астына пікір қалдырып, «Сіз бұл атаққа өте лайықсыз! Құттықтаймын», - деп жазды.