Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, салмақ дәрежесіне тәуелсіз UFC ұйымының рейтингтегі үздігі Джон Джонсты Нью-Мексико штатының полициясы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін, сондай-ақ қаруды ұқыпсыз пайдаланғаны үшін ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оқиға Альбукеркnе шамамен 01:00 шамасында болған. Полицияға атыс туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары Джонның көлігінен рұқсаты жоқ қаруды тапты. Сонымен қатар, MMA Fighting мәліметінше, Джонс қарудан оқ атқанын мойындамады.

Джонстың заң бұзушылығы бір бұл емес. Бұдан бұрын ол алты айға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Еске сала кетелік, Джонс биылғы жылдың ақпан айында Доминик Рейеспен жекпе-жек өткізіп, зорға жеңді.