Қазақстан құрамасы мен португалиялық «Спортинг» шабуылшысы Тайнан Futsal Planet Awards-2019 әлемдегі ең мықты ойыншы номинациясында алтыншы орынды иеленді.

Ұсынылған он ойыншының ішінен Тайнан алтыншы орынға ие болды. Әлемнің үздік ойыншысы атағын бразилиялық Феррао жеңіп алды.

Дауыс беруге бүкіл әлемнен 244 респондент қатысты.

1. Феррао («Барса», Испания) — 958 ұпай;2. Адольфито («Барса», Испания) — 636;3. Алекс Мерлим («Спортинг», Португалия) — 360;4. Леонардо Лино дос Сантос («Магнус Футзал», Бразилия) — 315;5. Артем Антошкин («Тюмень», Россия) — 302;6. Тайнан Да Силва Рего («Спортинг», Португалия) — 301.