Алматылық «Қайраттың» армениялық жартылай қорғаушысы Камо Оганесян Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Коронавирус кесірінен Қазақстан чемпионатының матчтары тоқтатылды. Біз үйде отыруға тырысамыз, бұл, әрине, өте қиын», - деді Оганесян sport.news.am сайтына.

Еске сала кетейік, бүкіл елде төтенше жағдай енгізіліп, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары жабылды. Дәл бүгінге дейін Қазақстанда 88 адам инфекция жұқтырған.