UAE-Team Emirates командасының аргентиналық велошабандозы Максимилиано Ричезе коронавирустан айықты. Ол бұл жағымды жаңалықпен Twitter-де өз жанкүйерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өз парақшасында Ричезе медициналық қызметкерлерге және ауру кезінде оны қолдаған барлық адамдарға алғысын білдірді.

Еске салайық, Максимилиано Ричезе коронавирусқа оң анализінің нәтижесын 15 наурыз күні білген.