Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Ювентустан» кеткісі келеді. Бұл туралы Diario Gol басылымы хабарлады.

«ПСЖ» мен «Манчестер Юнайтедтен» ұсыныс алған Роналду жақында команда ауыстырудан кет әрі емес екенін жеткізген. Дегенмен КриРо Англияға бару үшін «Манчестер Юнайтед» алдымен Чемпиондар Лигасының жолдамасын жеңіп алуы қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Криштиану Роналдудың «Ювентуспен» келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.