Басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсонның жұдырықтасатын UFC 249 турнирі АҚШ-тың Флорида штатында өтуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы MMAFighting журналисі Стивен Марокко Twitter желісінде жазды.

«Ақпарат көзіне сенсек, UFC 249 турнирін Флоридада өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Орландо, Тампа және Джексонвилл қалалары жекпе-жек кеші өтетін орын ретінде қарастырылып жатыр», деп жазады.