UFC ұйымының президенті Дана Уайт коронавирус пандемиясына байланысты үш бірдей турнирін кейінге қалдырды. Осыған байланысты ол алдағы жоспарымен бөлісті.

– Барлық жекпе-жектердің жаңа уақытын белгілейміз. Хабибтің жекпе-жегін өткізген соң бір сарынға түсіп, қалыпты жұмысымызға ораламыз, - деді ол.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек сәуір айында UFC 249 турнирі аясында өтеді.