Америкалық NBA баскетбол лигасы маусымды жалғастырмай аяқтайтын болса, миллиард доллар жоғалтады. The Washington Post басылымының хабарлауынша егер баскетбол лигасы жалғасын таппай, маусымды мерзімнен бұрын аяқтаған жағдайда 1 миллиард АҚШ долларын жоғалтады. Маусымды тоқтауға басты себеп баскетболшылардың коронавирус инфекциясын жұқтыруы. Алғашқы болып «Юта» командасының ойыншысы Руди Гобер инфекция жұқтырған болатын.