Испания футбол федерациясы белгісіз мерзімге барлық кәсіби футбол лигаларын тоқтатты.

Бастапқыда лигалар тек 30 сәуірге дейін тоқтатылған. Ал қазір ол мерзімге үлгермеуі мүмкін. Сол үшін барлығы белгісіз мерзімге қалдырылды. Барлығы ағымдағы жағдайға байланысты болмақ. Естеріңізге салатын болсақ коронавирус пандемиясына байланысты барлық еуропалық футбол біріншіліктері уақытша тоқатылған болатын. Кейбір елдердің футбол біріншіліктері мерзімінен бұрын чемпионатты аяқтауды қарастарып отыр.