«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Никита Михайлис карантин кезінде қалай үйде жаттығуға болатынын көрсетті. Өткен маусымда Михайлис ҚХЛ-да 60 кездесуге қатысып, 32 ұпай жинаған. Естеріңізге салатын болсақ 16 наурыз күні «Барыс» плей-офф бәсекесін жалғастырудан бас тартты. Кейінірек ҚХЛ басшылығы жарысты 10 сәуірге дейін тоқтатты.