Нигерияның бұрынғы шабуылшысы Ифани Джордж жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшы жүргізетін Infiniti көлігі жүк көлігіне соқтығысқан. Көлікте тағы екі жолаушы болды, олар да көз жұмды.

26 жастағы Джордж «Эньимба» клубының түлегі. Осы маусымда шабуылшы Нигерия чемпионатының 14 матчына қатысып, бес голдың авторы атанды. 2017 жылы ол Нигерия ұлттық құрамасы үшін екі матч өткізді.