УЕФА «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасынан екі жылға шығару жайлы шешімін өзгертпеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін, ағылшын клубы 2012 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңдегі қаржылық әділ ойын қағидасын бұзғаны үшін Еуропа жарыстарынан екі жылға шығарылған еді. Сондай ақ, клубқа 30 миллион еуро айыппұл салынды.

«Манчестер Сити» Спорт жөніндегі Төрелік сотының (CAS) шағымының кейінге қалдырылғанына қарамастан, УЕФА бәрібір өз шешімін өзгертпейді.

Осылайша, 2020/21 маусымда «қалалықтар» еурокубокта бой көрсетпейді.