Халықаралық велосипедшілер одағы COVID-19 пандемиясының белең алуына байланысты маунтинбайктан іріктеу кезеңдерін тоқтауды сұрап, Халықаралық Олимпиада комитетіне өтініш жасады.

UCI өтініші қабылданған жағдайда, іріктеу кезеңі 3 наурыздағы көрсеткіш бойынша аяқталады. Ал Олимпиадаға қатысушы спортшылар әлемдік рейтинг бойынша анықталмақ.

Айта кетелік, маунтинбайктан Олимпиадаға іріктеу кезеңі 28 мамырда аяқталуы тиіс болатын. Халықаралық велосипедшілер одағы тас жолдағы велоспорттан лицензия иегерлерін 2019 жылдың 22 қазанында мәлімдеді.

Ал тректегі велоспорттан Токио Олимпиадасына жолдама алған мемлекеттер 2020 жылдың 2 наурызында жарияланған болатын.