Халықаралық су спорты түрлері федерациясы COVID-19 індетінің таралуына байланысты әртістік жүзу мен суға секіруден іріктеу турнирін кейінге қалдырды.

Суға секіруден FINA әлем кубогі мен синхронды жүзуден іріктеу турнирі коронавирустың кең таралуына байланысты кейінге шегерді.

Өткен аптада FINA алдағы жарыстардың өткізілу жоспарын түзу үшін жұмыс тобын құрды. Аталған екі турнир 2020 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын Токио өтуі тиіс болатын.

Енді екі жарыс та маусымға қалдырылды. Әзірге, іріктеу турнирінің нақты өткізілу мерзімі анықталған жоқ.