«Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Пауло Дибала өзінің коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Дибаланың айтуынша ол тапсырған тесттың нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Дибаламен бірге оның жұбы Ориана да инфекция жұқтырған.

Алайда футболшы денсаулығы бірқалыпты екендігін айтты.

Осыған дейін «Ювентус» сапындағы Даниэль Ругани және Блез Матюиди коронавирус жұқтырған болатын.