«Миланның» ойыншысы Златан Ибрагимович биыл маусым біткенде мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Gazzetta Dello Sport басылымы мәлімдеді.

Швециялық футболшының келісімшарты биыл жазда аяқталады. Әзірге Ибра келісімшарт мерзімін ұзартуды ойлап жүрген жоқ.

38 жастағы футболшы биыл маусымның соңында мансабын аяқтау туралы шешім қабылдауы мүмкін. «Милан» Ибрагимович командадан кетсе орнына «Наполидің» шабуылшысы Аркадиуш Миликті алады.