Ресейдің «БИЗНЕС Online» басылымы қазақстандық «Барыс» командасының чехиялық ойыншы Роман Червенкаға қызығушылық танытып отырғанын жазды.

34 жастағы хоккейші Швейцария чемпионатындағы «Рапперсвилль» командасында ойнап жүр. Мансабында «Авангард» пен «СКА» командаларында ойнаған. Сондай-ақ Ұлттық хоккей лигасында «Калгари» сапында бақ сынады.

Қазір тәжірибелі хоккейшіге «Барыстан» бөлек Қытайдың «Куньлунь» командасы да қызығып отыр.