Қытайлық жартылай қорғаушы У Лэй коронавирус жұқтырды. У Лэй испаниялық «Эаспаньол» футбол клубында өнер көрсетеді. Қазіргі кезде футболшы үй карантинінде. Қытай футбол қауымдастығы футболшыға барынша көмек көрсететінін хабарлады. У Лэй коронавирус жұқтырған бірінші қытайлық кәсіби футболшы.