УЕФА коронавирустық індетке байланысты қаржылық fair play жүйесін жұмсартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz The Atletiс порталына сілтеме жасап.

Барлық жарыстардың жаппай тоқтатылуына байланысты клубтар айтарлықтай шығынға ұшырайды, сонымен қатар кейбір командалар ойыншыларының жалақыларын қысқартқысы келеді.

Дереккөздің хабарлауынша, УЕФА клубтар өздерінің артық шығындары болмағанын дәлелдейтін мерзімін бір айға кешіктіреді. Дедлайн 31 наурыздың орнына, 30 сәуірде басталады.

Fox Sports Italia хабарлағандай, УЕФА жақында Еуропалық клубтар қауымдастығымен жағдайды бірігіп талқылайды. Клубтардың өздері қаржылық fair play төтенше жағдайға байланысты бір жылға тоқтатылады деп үміттенетіні атап өтілді.