«Қайраттың» украиналық шабуылшысы Адеринсола Эсеола Қазақстандағы коронавирустық пандемияға байланысты жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz ua.tribuna.com сайтына сілтеме жасап.

«Қазір біз жаттығып жүрген жоқпыз, бірақ жеке бағдарламалармен айналысып жатырмыз. Бірнеше күннен кейін бізді жинауы мүмкін. Бірақ қалай болатыны заңнамаға байланысты.

Алматы жабық қалаға айналды, бәрі жабық тұр. Біз кішкене оқшауландық, барлық жер карантинге алынды. Жағдай Еуропадағыдай: чемпионат уақытша тоқтатылады, қашан басталатыны белгісіз.

Бәрі жақсы болар, үміт үзбейік. Барлығына 36,6 тілеймін», - деді Эсеола.