Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле қазіргі кездегі әлемдегі ең мықты ойыншы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, бұл Криштиану Роналду. Ол ең тұрақты ойыншы. Бірақ, әрине, Месси туралы да ұмытпайық», - деп жазды A Bola Пеленің сөзін.

Сондай-ақ, үш дүркін әлем чемпионы тарихтағы ең үздік футболшының да кім екенін айта кетті.

«Қиын сұрақ. Мен басқалардан үздік болдым деп ойлаймын. Неге? Себебі әлі күнге дейін мықты футболшылар туралы сөз болғанда, менімен салыстырып, бағалайды», деді Пеле.