Futsalplanet Awards жыл сайын футзал әлемінің серкелерін анықтайды. Бұл жолы «Қайрат» АФК сапынан үш ойыншы үміткер атанып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматылық клубтан «2019 жылдың үздік қақпашысы» және «2019 жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациялары бойынша Лео Игита мен Паулу Рикардо Кака ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан да («Спортинг») «Әлемнің үздік ойыншысы» атағынан дәмелі.

Айта кетейік, Лео Игита бұған дейін үш рет әлемдегі ең үздік қақпашы деп танылған, бұл рекордтық көрсеткіш саналады. Италияық қақпашы Стефано Маммарелла да дәл осындай көрсеткішке ие. Ал Кака төртінші рет әлемдегі ең үздік 10 жаттықтырушының қатарына енсе де, аталған марапатқа ие бола алмай жүр.