Төрт салмақта бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мэйвезер шаршы алаңға оралу уақытын кейінге шегерді.

Даңқты боксшы әкесінің өлімінен кейін жекпе-жек өткізу туралы ойламайтынын жеткізген. Бұған қоса ол әлемдегі коронавирус ахуалына алаңдаулы.

Айта кетейік, жақында Флойд Мэйвезердің әкесі Роджер Мэйвезер 58 жасында көз жұмды.