Италия футбол федерациясының президенті Габриеле Гравина А Сериясының қалған матчтарын мамыр айынан бастап өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

– Ел чемпионатын 2-3 мамыр күні қайта бастауды жоспарлап отырмыз. Чемпионат мамыр айында басталса 30 маусымды аяқталады.

Әзірге матчтар көрерменсіз өтуі мүмкін. Біз спортшылар мен жанкүйерлердің денсаулығына кепілдік бере алмаймыз, - деді ол.