KPMG консалтингтік компаниясы коронавирустық пандемияға байланысты Еуропадағы ең күшті бес лиганың клубтарының қаржылық шығындарын есептеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англия, Испания, Италия, Германия және Франция чемпионаттары жалпы мөлшері 3,45 миллиардтан 4 миллиард еуроға дейінгі кірістен айырылады деп хабарлайды Yahoo News. Ең үлкен шығынға бататын Ағылшын премьер-лигасы болмақ - 1,35 млрд, оның ішінде 800 млн еуро - эфирден түсетін кіріс. Трансляцияны болдырмауға байланысты Ла Лига 600 миллион еуро, A Serie - 450 миллион еуро, Бундеслига - 400 миллион еуро, Liga 1 - 200 миллион еуро жоғалтуы мүмкін.

Бағалау УЕФА Еуропа чемпионатын 2021 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдағанға дейін жасалған. Егер 2019/2020 маусымы ойынды 30 маусымға дейін аяқтай алса, шығындар соншалықты көп болмауы мүмкін.