Қостанайлық «Тобыл» жүйесінің барлық командалары жаттығу процесін тоқтата тұруға мәжбүр, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клуб басшылығы бұл шешімді COVID-19 коронавирустық індетінің басталуына және ҚКФЛ ұсыныстарына сәйкес елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қабылдады.

Жақында «Тобыл» футбол клубының кеңсесі қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысады.

Еске сала кетелік, 16 наурыздан 15 сәуірге дейін Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай кезінде ел чемпионаты пен Қазақстан кубогы матчтарын өткізу тоқтатылды.