«Барыс» клубы Гагарин Кубогының плей-офф кезеңін жалғастырмайды.

Елордалық ұжым 16 наурызда ресми плей-оффты жалғастырудан бас тартты. Оған дейін финляндиялық «Йокерит» бас тартқан болатын.

Бүгін белгілі болғандай, «Барыс» басшылығы ойыншыларды үйлеріне қайтарған. Ал алдағы уақытта плей-офф кезеңіне оралу жоспарда жоқ.