21 жастағы жас бапкер Франсиско Гарсия коронавирус ауруынан көз жұмды.

Ол коронавирус жұқтырғандардың ішіндегі қауіпті топтың қатарында болған. Себебі жақында ғана онкологиялық ауруға шалдыққаны белгілі болған еді. Соған байланысты әлсіреген организм вирусқа қарсылық таныта алмады. Франсиско «Атлетико Портада Альта» әуесқой футбол клубының жастар командасының бапкері болатын. Қазіргі кезде Испанияда коронавирустан 342 адам көз жұмған.